Жамбыл облысында дәрігерлермен сайлауалды кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері – сенімді өкілдер Б.Қараулов пен Г.Момбекова Жамбыл облыстық офтальмология орталығы ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге келген 50-ге тарта ұжым мүшелеріне сенімді өкіл Б.Қараулов еліміздегі ең үлкен қоғамдық ұйым болып табылатын Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасындағы көтерілген мәселелерді баяндап, әр қайсысына жеке-жеке тоқтай отырып, бүгінгі күнде олардың еңбек қоғамы мен еңбек адамы үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.

Жиын соңында сенімді өкілдер еңбек ұжымын бірауыздан кандидат А.Таспиховты қолдауға шақырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.