Халықаралық бақылаушылар А.Таспиховтың Жамбылдағы аймақтық штабында болды

Бүгін, 21 мамыр күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс Президенттік сайлауды бақылау миссиясының өкілдері Штефан Циглер (Швеция) мен Мария Элена Амадори (Италия) ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысындағы аймақтық қоғамдық штабында болды.

Кездесуде аймақтық қоғамдық штабтың жетекшісі М. Төлепберген аймақтық қоғамдық штабтың жұмысымен таныстырды. Халықаралық байқаушылардың сұрақтарына жауап беріп, жалпы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы заң талаптарына сәйкес ұйымшылдықпен жүріп жатқанын айтып берді.

Кездесу өзара ықыласты жағдайда өтті.