“Ұлттық мәдениеттің негізі – ұлттық өнер” атты қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

“Халықтың рухани, мәдени әлемі оның дәстүрлі өнерінен көрінеді” демекші, 21 мамыр  ҚР Кәсіподақтар федерациясынан ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты қолдау мақсатында Алмалы ауданы ұстаздарының  “Ұлттық мәдениеттің негізі – ұлттық өнер” атты қолөнер шеберлерінің көрмесіне аудандағы білім ошақтары бір кісідей қатысып, белсенділік танытты. Көрме байқауына елімізге танымал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асыл Осман, Гүлшара Есетқызы, Раушан Дүйсебайқызы қазылық етті.

Алмалы аудандық «Ұстаз» кәсіподағының басшысы Раушан Оразалиеваның ұйтқы болуымен мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп мұғалімдері арасында өткен байқау өте тартымды, әрі қызықты өтті. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы.

Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді емес пе. Бүгінгі көрмеден ұлттық бұйымдарды көріп тамашалаған көрермендерді, еріксіз таң қалдырды. Байқауға қатысушылар өздерінің қол өнерлерін таныстыруда, өте қызықты мәліметтерді айтып отырды, мысалы №136 мектеп-гимназияның ұстазы шаңырақты көтеріп, матаға түсірген бірнеше жанрдағы өнерлерін көрсетсе, №34 мектептің ұстаздары биссерден жасаған суреттері мен гүлдерін, №128 мектептің ұстазы жастыққа, киізге салған ою – өрнегін, № 36 гимназия мешітті бейнелеген. Мұндай игі іс-шараларды өткізіп отырудың өзіндік пайдалы тұстары да баршылық екені көрінді. Тамашалаған көрермендердің еңбекке деген құштарлығын арттырды. Байқау барысында өзара таныстық, сыйластық, пікір алысу орын алды.

Орын алған барлық мұғалімдерге арнайы мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бас жүлдені № 136 мектеп-гимназия мұғалімі Ағыбаева Рыскүл Пернебековна, І орынды №34 гимназия мұғалімдері Зоров Сергей Васильевич пен Макаренко Ирина Викторовна, ІІ орынды №128 мектеп мұғалімі Ахметова Клара Әбдіқайыпқызы, №58 мектеп мұғалімі Жусипова Гульмира, ІІІ орынды №147 гимназия мұғалімі Тоқабаева Гүльназ Кадырбаевна, №67 мектеп мұғалімі Махмутова Асель Ермухаметовна алды. Отаны мен халқына шынайы, еліне елеулі, нағыз патриот азаматтар Қазақстанда жетерлік. Оларды халық құрметтеп асқақ көтеріп, мақтаныш етеді. Жалпақ жұрттың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген белгілі тұлғалардың бірі – Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспихов.  Көп балалы отбасында дүниеге келген, тоғыз баланың үлкені, ұстаздар отбасында тәрбие көрген Аманкелді Таспиховтың құрметіне арналған жиында, көптеген ата-аналар да, оқушылар да Аманкелді Тапихов туралы мәліметтер алып ол кісінің еліне аянбай еңбек етіп жүрген азаматтығына сүйсінумен болды.