Ауылдық жерлерде үгіт-насихат жұмыстары қарқын алуда

Қазалы ауданының елді мекендерінде үгіт-насихат материалдарын орналастыру және тарату жұмыстары әлі де жалғасуда.

Шалғайда орналасқан ауылдарда кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері, кәсіподақ белсенділерінің тарапынан үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. ​

Қазақстан Республикасының Президенттігіне ​ кәсіподақтар ұсынған кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасында көтерілген еңбек адамы мәселелері ауыл тұрғындары көңілдерінен шығып, қолдау табуда.

Кандидат А.Таспиховтың үгіт-насихат баспа материалдары қазірде Қызылорда облысының барлық аудандарына ​ жеткізіліп, таратылуда.