Байзақ ауданы жұртшылығымен кездесу өтті

Бүгін, 22 мамырда Байзақ ауданының Мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшелері және сенімді өкілдері Байзақ ауданының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуге 100 – ден астам астам сайлаушы қатысты.

ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшелері Е. Мағзымбеков және А.Наурызбаев ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Сондай –ақ кәсіподақ ұйымы еңбекшілердің мүддесімен құқығын қорғайтын маңызды қоғамдық ұйым екенін жеткізді. Кандидаттың сайалауалды тұғырнамасында орын алған еңбек адамының құқын қорғау бағытындағы өзекті әрі маңызды мәселерлер жайында сайлаушылар өз ойларын айтып, пікір алысылды. Кездесу барысында үгіт-насихат материалдары таратылды.