Еңбек ұжымында сайлауалды кездесу өткізілді

Сайлаушылармен кездесу ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы мен Жамбыл облыстық Ветеренариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық филиалы ұжымдарында жалғасын тапты.

ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшелері Н. Маликов және М.Сүгіралиев жиналған ұжымға ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру және еңбек адамының құқын қорғау, лайықты еңбекақы төленуі мәселелерін камтыған кандидаттың тұғырнамасы еңбек ұжымы тарапынан оң көзқарас тауып, ой бөлісілді.