Жастар түркістандықтарға үгіт-насихат парақшаларын таратты

«Келешек» жастар қанатының мүшелері сайлау науқанына қызу кіріскен.

Түркістан қаласына арнайы барған жастар халыққа насихат парақшалары мен ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы бар кітапшаларын таратты.

Алдымен киелі қаладағы Қ.А.Иассауи кесенесіне зиярат ете келген азаматтарға, сондай-ақ орталық саябақ, «Рәміздер алаңы» аллеясы, орталық базар сияқты халық көп шоғырланған орындарда болып, азаматтарды сайлауалды материалдармен таныстырды. Алда келе жатқан Президент сайлауының маңыздылығына тоқталған қыз-жігіттер азаматтарды саяси додадан тыс қалмай, белсенді болуға шақырды. Үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын белсене атқарды.