“Кәсіподақтардан кандидат – Аманкелді Таспихов!”

2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты қолдау жөнінде «Павлодар облысының Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КМҚК еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында кандидаттың сенімді өкілі – «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ың құқықтық-ұйымдастыру жөніндегі маманы Жұмабай Аманқұлұлы Мұхаметәлин қатысушыларды А. С. Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткердің Сайлауалды платформасының негізгі бағыттары мен Бағдарламасы туралы айтып өтті.

Кездесу соңында үгіт-насихат материалдары таратылды.