Сайлауалды кездесу құлшылық үйінде ұйымдастырылды

Сайлауалды насихат шарасына қызу кіріскен штаб өкілдерінің басқосуы құлшылық үйінде жалғасты.

Тарихи шаһар Түркістанда үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізген белсенді топ «Игілік ата» мешітінде кәсіподақ ардагерлерімен және жамағатпен әсерлі кездесу өткізді.

Жиында А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов еліміздегі ең жоғары лауазымды іріктеудің маңыздылығына тоқталып, саяси додада азаматтарды өз таңдауын жасауға шақырды. А.Таспиховтың тұғырнамасын таныстырып шығып, ондағы еңбек адамының құқықтары мен мүддесі жан-жақты талқылынған тармақтарды тарқатып айтты. Ұзын ырғасы 100 қатысушының басын қосқан жиында Берік Бекжанов үміткердің бүгінгідей нарықтық экономикада маңызы зор тұғырнамасын талқылап берді.

Штаб басшысы ел дамуында орны зор еңбек адамының құқы жайында сөз қозғап, жұмыскердің қауіпсіздігіне аса мән беріп отырған кандидаттың өмірбаяны мен оның еңбек жолына тоқталып өтті. Берік Бекжанов «Кәсіподақ – қоғамның қозғаушы күші» екендігін атап өтіп, еліміздегі ең қуатты ұйымның болашақтағы мүмкіндіктерін екшеді. Аймақтық қоғамдық штабтың мүшесі, үміткердің сенімді өкілі Абдурайра Манахов көпшілікке бұл жиынның мәні мен мазмұнын түсіндіріп, елдің келешегін айқындайтын елеулі шарада белсенділік танытуға шақырды.