Сенімді өкілдер Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында

22 мамыр күні Сырым аудандық білім беру бөлімі ғимаратында БҚО облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы» РҚБ ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі М.Даупаев және өңірлік штаб өкілдері Г.Курмангазиева мен Г.Хаирлиева Сырым аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Кәсіподақ ұйымы және оның қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына Сырым ауданының білім беру саласының кәсіподақ өкілдері қатысты. Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы алғысөзінде алдымен сайлау науқанына қатысты үгіт – насихат жұмыстарына тоқтала отырып, Кәсіподақтар атынан ҚР Президенттігіне ұсынылған А.Таспиховтың еңбек жолы мен еңбек адамына жан-жақты қолдау көрсету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау сияқты сайлауалды тұғырнамасының басты мақсатын атап өтті. Сөз соңында өңірлік штаб өкілдері Сырым ауданының білім саласының кәсіподақ мүшелерін сайлауға белсенді қатысып, үміткерді қолдауға шақырды.
Сонымен қатар, БҚО облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Даупаев дөңгелек үстелдің күн тәртібіне сәйкес Салалық Кәсіподақтың Орталық Атқару комитетінің отырысында қаралған кейбір өзекті мәселелерден ақпарат берді. Шараға қатысқан Сырым ауданының білім беру саласының кәсіподақ өкілдері шара аясында кәсіподақ ұйымының жұмыс барысы, «Еңбек шартын жаса!» акциясының жүргізілуі және кәсіподақ ұйымы және оның қоғамдық бақылауды жүзеге асыру сияқты өзекті тақырыптарды және өзге де ағымдағы мәселелерді талқылады.