Қызылордада сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталуымен жүргізілген «Жолаушы» акциясы жалғасты.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховты қолдаушы Қызылорда облысы кәсіподақтарының белсенді жастар тобы орталық автобекетте, облыс орталығынан аудандарға, елді мекендерге жүретін автобустарда, Қызылорда қаласы темір жол вокзалында, аялдамаларда жолаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.
Белсенді жастар жолаушыларды Президент сайлауында белсенділік танытуға, кәсіподақтардан үміткер Амангелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды. Сонымен қатар, белсенді топ Қызылордада кеше өткен нөсер жаңбырдан кейін арнайы орындарға орналастырылған үгіт материалдарын қайта жаңалады.