Қызылордада «Жолаушы» акциясы жалғасты

Қызылордада сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталуымен жүргізілген ​ «Жолаушы» акциясы жалғасты.​ ​

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховты қолдаушы Қызылорда облысы кәсіподақтарының белсенді жастар тобы орталық автобекетте, облыс орталығынан аудандарға, елді мекендерге жүретін автобустарда, Қызылорда қаласы темір жол вокзалында, аялдамаларда жолаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.

Белсенді жастар жолаушыларды Президент сайлауында белсенділік танытуға, кәсіподақтардан үміткер​ Амангелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды. Сонымен қатар, белсенді топ Қызылордада кеше өткен нөсер жаңбырдан кейін арнайы орындарға орналастырылған үгіт материалдарын қайта жаңалады. ​