Үгіт тобы аурухана ұжымымен кездесу өткізді

Мойықұм аудандық орталық аурухана ұжымы алдағы сайлауға байланысты Кәсіподақтар федерациясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері Ш.Исабеков, Е.Сатыбалдиев және Б.Махамедовтармен кездесті.

Бастауыш кәсіподақ ұымының мүшелеріне әріптестері, сенімді өкілдер кәсіподақтардан сайлауға түсіп отырған кандидат А.Таспиховтың бағдарламасының ерекшелігіне тоқталды.

Бағдарламаны талқылаған ұжым мүшелері еңбек адамына деген қамқорлық әр уақытта басты назарда тұру керек деген пікірді қолдайтындарын айтып, өз кандидаттарына сенім артатындарын білдірді. Ұжым мүшелеріне үгіт материалдары таратылды.