А.Таспиховтың сенімді өкілдері студенттерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

«Кәсіподақтар – Сіз үшін,кәсіподақтар – Сіздермен бірге!» ұранымен ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдері 23 мамыр күні Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.

ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың аймақтық штабының жетекшісі, сенімді өкілі К.М. Жаулин университет ұжымына және студенттеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрініс тапқан әрбір өзекті және қажетті мәселелер жөнінде ой тоғыстырды. Жалпы еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғау әлеуметтік бірлікті қамтамасыз етеді, сенімді ұлғайтып, тұрмыс сапасын жақсартады, алаңсыз өмір сүруге зор ықпал жасатынын атап көрсетті.

“ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сайлауалды бағадарламасы лайықты еңбек мәртебесін арттыруға арналған, сондықтан да қолдауға ие болады”, – деген пікірде Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ұжымы.

Жиынға шамамен 100 адам қатысты.А.Таспиховтың сенімді өкілдері қатысушыларды саяси додаға белсенділік танытуға, кәсіподақтарға дауыс беруге шақырды.