Кәсіподақтың ең үздік ұранына байқау жарияланды

ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы “Келешек” Жастар кеңесі кәсіподақтартың ең үздік ұранына байқау жариялады.

Байқаудың шарттары бойынша ұран кәсіподақ идеяларын қамтуы тиіс. Сонымен қатар,  екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде жасалуы керек. Идеялардың өзіндік ерекшелігі болуы тиіс және ой тұжырымды, жарқын, есте қаларлық болуы шарт!

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады. Байқау 2019 жылғы 23-27 мамыр аралығында 4 күн болады. Өтініштер 26 мамыр сағат 22.00-ге дейін қабылданады.

Дұрыс рәсімделуге қойылатын талаптар: “Келешек” Жастар кеңесінің электронды поштасына ұранды, аты-жөнін, тұрғылықты жерін, сондай-ақ байланыс телефондарын жіберу қажет.