КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР А.ТАСПИХОВТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА БЕЛСЕНДІ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Кәсіподақ мүшелерінің белсенді үгіт-насихат жұмыстарының арқасында Маңғыстаудың тұрғындары ағымдағы жылдың 9 маусымында ҚР Президенттігіне ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұсынған үміткер Аманкелді Таспиховтың қызметі туралы біле бастады.

Жас кәсіподақ белсенділері Ақтау, Жаңаөзен қаласының және облыс аудандарының көшелерінде үгіт-насихат материалдарын таратумен қатар, қала тұрғындарына ҚР Кәсіподақтар федерациясынан ұсынылған кандидат туралы ақпаратты, оның сайлауалды тұғырнамасы – еңбекке лайықты ақы төлеуді, еңбек және басқа да конституциялық құқықтарды қорғауды, қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек көші-қонын реттеуді қоса алғанда, еңбек адамын қорғауға бағытталғаны туралы ақпаратты түсіндіру сияқты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

3 күн ішінде үгіт өнімдерін орналастыру үшін белгіленген орындарға барлығы 3500 үгіт материалдары жапсырылды және 2000 буклет таратылды.