Қазалы ауданында сенімді өкілдердің кездесуі өтті

Қызылорда облысы Қазалы ауданы №226 гимназиясында кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдерінің кент тұрғындарымен кездесуі өтті.

ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы сенімді өкілі Дильжанова Бақытгүл қатысушыларды кәсіподақтар кандидатының өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды.

Бақытгүл Орынбайқызы кандидаттың тұғырнамасындағы жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, лайықты жалақы төленуі, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы түсіндірме жасады. Сенімді өкіл тұрғындарды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға және кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховты қолдауға шақырды