Қайырымдылық – игі іс!

Айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айында әр мұсылманның бір парызы – қайырымдылық іс жасау. Сол орайда “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы бас болып, Ақтөбе облыстық филиалымен Ақтөбе қаласының тұрғыны, 21 баланы асырап алып, өнерге баулып, тәрбиелеп отырған белгілі мәдениет саласының қызметкерлері, өнерпаздар Өмірхан мен Амангүл Жетесовтердің отбасына барды.

Бүгінде көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары халықтық «Шашу» отбасылық ансамбльінің тыныс – тіршілігімен танысып, қамқорлық іс-шарасын өткізді. Өнерлі отбасының тәрбиеленуші балдары келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, ризашылықтарын білдірді. Бұл шынайы, риясыз әдемі кездесу болды.