ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Республикалық қоғамдық штаб өкілдері Батыс Қазақстанда

Бүгін 23 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстарының аясында Батыс Қазақстан облысына іссапармен келген ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Республикалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы және «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Есимұлы Қалиев Батыс Қазақстан облысының салалық кәсіподақтарының және Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық штабының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында республикалық штаб өкілдері М.Жақыпов пен С.Қалиев қатысушыларға кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасына толығырақ тоқталып, еңбеккерлерді қолдауға бағытталған айқын міндет-мақсаттары туралы айтып берді.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан маңызды мемлекеттік лауазымға ұсынылған еңбеккерлер өкілі А.Таспиховқа кәсіподақтардың атынан ауыр міндет жүктеліп отырғаны және осы міндеттерді атқаруда ауызбіршілік пен ұйымшылдық маңызды екеніне аса назар аударды. Қатысушылар республикалық штаб өкілдеріне сұрақтар қойып, өз тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.