Үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізілуде

Бүгін Павлодар облысы өңірлік қоғамдық штабының мобильдік үгіт тобы Павлодар қаласының көшелеріне үгіт материалдарын тарату және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспихов туралы ақпаратты қала тұрғындарының назарына жеткізу жұмыстарын қызу жалғастырып жатыр.

Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховты қолдаушы Павлодар облысының белсенді жастары 9 маусым күні өтетін Президент сайлауында азаматтық ұстанымды танытып, Кәсіподақтар федерациясынан үміткер Аманкелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды.

Іс-шара барысында қала көшелерінде 250 буклет таратылды , сондай-ақ рұқсат етілген орындарда 120 плакат орналастырылды.