2019 – «ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖЫЛЫ»

Жуырда облыстық Кәсіподақтар үйінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді. Білім беру мекемелерінің техникалық нұсқаушылары қатысқан жиынды облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы сөз сөйлеп ашты. Кеңеске арнайы шақырылған республикалық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бас маманы-еңбекті қорғау жөніндегі техникалық нұсқаушысы Батыр Алиев «Білім беру мекемелеріндегі еңбектің қорғау жөніндегі техникалық нұсқаушының қызметінің заңдық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне, өндірістік кеңестерді құру тәртібіне, нұсқаушылардың құқықтық және өкілеттілігі туралы, ұжымдық шарттардың орындалысына және т.б. мәселелерге тоқталды.

«Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» ММ-нің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қадағалау бөлімінің басшысы Сырым Джабасов «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс берушінің міндеті туралы» атты тақырыбында сөз сөйледі.

Кеңес соңы тыңдаушылардың тарапынан болған ұсыныс-пікірлер мен сұрақтарға жауап беруге ұласты.