Еңбек ұжымдарының арасында үгіт-насихат жұмыстары өткізілді

«Кәсіподақтар – ұлттың қорғанышы» ұранымен бүгін 24 мамыр күні ҚР Президенттігіне кандидат А. С. Таспиховтың облыстық сенімді өкілдері Түпқараған және Қарақия аудандарында білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы, ҚР Президенттігіне үміткер А. С. Таспиховтың сенімді өкілі Т. Баймбетова Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі №8 орта мектеп ұжымымен және осы мектепте орналасқан №155 сайлау учаскісінің комиссия мүшелерімен кездесті.

Ал, күннің екінші жартысында сенімді өкілдермен Түпқараған ауданы, Форт-Шевченченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектептің барлық қызметкерлеріне Президенттікке үміткер А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасының түсіндіру жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы бөлімге тоқталып, сенімді тұлға үгіт-насихат жұмысын қалай жүргізу керектігін түсіндіріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге барлығы 120–дан астам адам қатысты.