Жаңатас көпсалалы колледжінде үгіт-насихат өтті

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында орналасқан Жаңатас көпсалалы колледжі осы өңірдегі іргесі биік, ірі білім ошағы екені белгілі.
Бүгінде зәру болған кәсіби маман иелерін даярлайтын оқу орнының еңбек ұжымы алдағы Президенттік сайлауда Кәсіподақтар Федерациясынан кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі М.Төлепбергенмен кездесу өткізді.

Жиындағы әңгімеге арқау болған негізгі мәселе – А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасы. Ол жайлы еңбек ұжымына егжей-тегжейлі баяндаған сенімді өкіл М.Төлепберген қорыта келе, еңбек адамының қамын ойлау және оған жағдай жасау қай уақытта болмасын маңызды мәселе болатынын айтты. Сол үшін де алдағы сайлауда кәсіподақ мүшелерін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, сайлау додасына үкілеп қосқан өз кандидаттарына дауыс беруге шақырды.