КАНДИДАТ А. ТАСПИХОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

“Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі Атырау облысы филиалы мен «Адал» мұнай-газ кешені, сервистік және басқа компаниялардың жергілікті кәсіподағы бірлесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бастауыш кәсіподақ төрағаларымен кездесу ұйымдастырды.

Сенімді өкілдер сайланып, әр бастауыш ұйым атынан өндіріс орындарында кездесу ұйымдастыратын сенімді өкілдерді бекітті. А.Таспиховтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тапсырмалар жүктелді. Үгіт-насихат материалдары беріліп, белгіленген жерлерге ілу, тарату туралы жұмыстар міндеттелді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыстар насихатталатын болады.