Кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері Павлодар облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілі – «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы Нұрлан Қабікенұлы Әутәліпов жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің еңбек ұжымымен кездесті.

Қатысушыларды А. С. Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды және үміткердің Сайлауалды платформасының негізгі бағыттары мен Бағдарламасы туралы айтып өтті.