Мәдениет саласы қызметкерлерімен жүздесті

Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы орталықтандырылған әмбебап кітапханасында Президенттікке үміткер А.Таспиховтың Жамбыл облысындағы сенімді өкілдері Б.Қараулов пен Ж.Алшынбаева қаланың мәдениет саласы қызметкерлерімен сайлауалды үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесуде сөз сөйлеген сенімді өкіл Б.Қараулов кәсіподақтар өкілі бұл маңызды саяси додаға неліктен түсіп отырғанын, кәсіподақтар үшін алдағы сайлау қаншалықты маңызды екенін баяндай келе, кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.

Сол сияқты, Ж.Алшынбаева да өз кезегінде мәдениет саласы қызметкерлері үшін тұғырнаманың маңызды тұстарына тоқталып, алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуға шақырды.