«Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлының Сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында “№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” ММ-сіне қарасты 11 кітапхана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында еңбек адамының лайықты еңбекақысы мен еңбек қауіпсіздігі үшін жасалатын жағдайлар, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау туралы айтылды.
Кездесуге 20 адам қатысты.