Сенімді өкіл кітапхана қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмысын жүргізді

«Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлының Сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында “№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” ММ-сіне қарасты 11 кітапхана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында еңбек адамының лайықты еңбекақысы мен еңбек қауіпсіздігі үшін жасалатын жағдайлар, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау туралы айтылды.

Кездесуге 20 адам қатысты.