Үгіт-насихат тобы өз жұмысына қызу кірісіп кетті

ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдері Атырау №4 қалалық емханада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Үгіт-насихат жұмыстары қызметкерлермен қатар, емханаға келуші науқастар арасында да қызу өткізілуде. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерімен жиналыс өткізіліп, 40-қа жуық қызметкерлер қатысты.

Атырау №3 қалалық емхана қызметкерлерінен құрылған үгіт тобы насихат жұмыстарын тек қана емханада емес, сонымен қатар халық көп шоғырланатын «Мұрагер» сауда-саттық орнында да жүргізуде. А.Таспиховтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы жазылған бетшелер ойын-сауық орталығына  келушілерге таратылды. Үгіт-насихат жұмыстарына 45-ке жуық қызметкерлер белсене қатысты.