Үлкенге – құрмет

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Талдықорған қаласындағы сайлауалды штабына «Ұлы Отан» соғысы ардагері Таниберген Қалихановтың қызы – еңбек зейнеткері Динара Тәңірбергенқызы келіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

Ол денсаулығына байланысты үйінің ауласын жинастыруға көмек сұрады. «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері аталған мәселе бойынша көмек қолын созуға ниет білдірді.

23 мамыр күні «Келешек» жастар кеңесінің еріктілері Динара Тәңірбергенқызының үйінің ауласын тазалап, көмек көрсетілді. Аталған мекенжайда Ұлы Отан соғысына қатысқан Тәңірберген Қалилаханов, Әмірханов Баймерден Әділханұлы, Болсамбеков Абдықадыр Болсамбекұлы ардагерлеріміздің тақтайшалары Талдықорған қаласындағы Ақын Сара көшесі №188 үйде орналасқан.

Динара Тәңірбергенқызы келген «Келешек» жастар кеңесінің еріктілеріне рақметін айтып, Тәңірберген Қалилаханов атамыздың өз туындысынан шығарған шығармашылық оқу кітаптарын таныстырып, сыйға берді.