Аршалы ауданында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспихов салалық кәсіподақтардың мүшелерімен кездесті

Бүгін Ақмола облысы Аршалы ауданында ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының кәсіподақ мүшелері мен сенімді өкілдермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат өзінің өмір және еңбек жолы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Еңбек адамының мұң-мұқтажы көрсетілген сайлауалды бағдарламасы аясында көптеген мәселелерді сөз етті. Мәселен, зейнетақы деңгейі, еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттілігі сынды бірқатар өзекті мәселелер айтылды.

Кездесуге қатысушылар тарапынан педагогтар мәртебесі туралы заңның қазіргі жағдайы, медициналық қамсыздандыру және ауылдық елді-мекендердің өзге де мәселелері, соның ішінде көмір, электр қуаты бағасының жоғары екендігі туралы сауалдар қойылды. Аманкелді Таспихов әр сұрақты мұқият тыңдай отырып, тұшымды жауап берді. Кәсіподақ мүшелері кандидаттың тұғырнамасымен жан-жақты танысып, көрсетілген мәселелердің маңызды екендігін айтты, алдағы сайлау науқанында қолдау көрсететіндерін жеткізді.