Кәсіподақпен бірге!

Шардаралық сенімді өкілдер сайлау науқанына қызу кіріскен. А.Таспиховтың Шардара қаласы бойынша насиxат тобы халыққа үгіт парақшаларын, үміткердің сайлауалды бағдарламасы бар кітапшаларын таратты.

Алдымен шағалалы қаладағы орталық саябақ пен аллея сияқты халық көп шоғырланған орындарда болып, азаматтарды сайлауалды материалдармен таныстырды. Алда келе жатқан Президент сайлауының маңыздылығына тоқталған қыз-жігіттер азаматтарды саяси додадан тыс қалмай, белсенді болуға шақырды. Үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын белсене атқарды.