“Кәсіподақтар – Сіздің қорғаушыңыз, одақтасыңыз, көмекшініз!”

Осындай ұранмен ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жұмысшыларына сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.

Қазақстанның мұнай өнеркәсібі – ел экономикасының ең негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан, мұнайшылардың еңбегі лайықты бағалануы тиіс және оларға әділетті және қолайлы еңбек жағдайлары туғызылуы керек. Ал, ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасында бүгінгі таңда еңбек адамының өзекті мәселелері көрсетілген.

Сенімді өкілдер жиналған 100-ге жуық еңбек ұжымына А.Таспиховтың өмірбаянынан бастап, сайлауалды тұғырнамасын баяндап берді. Үміткердің тұғырнамадағы көтерілген қарапайым еңбек адамының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері көпшіліктің көңілінен шықты.

Кездесу барысында қызметкерлер кандидаттың сенім білдірген тұлғаларымен өздерінің мәселелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды. « ММГ»АҚ ұжымы аса қауіпті мамандық қызметкерлерінің құқығын қорғау мәселесін көтерді. Әсіресе, бұл тармақ А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Қатысушылар ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдіріп,үміткер А. Таспиховтың сайлау қорының қаражаты есебінен дайындалған және шығарылған үгіт-насихат өнімдерін таратты.