Түркістанда түрлі сала өкілдерімен кездесу өткізілді

Түркістан қаласына сайлауалды шараларды атқару үшін арнайы барған белсенді топ түрлі еңбек ұжымдарымен кездесті. Көне шаһардағы №24 мектепте өткен алқалы басқосуға Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлері, Мәдениет, спорт және ақпарат саласы, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінен құралған 200 қатысушы қатысты.

Онда штаб басшысы Берік Бекжанов сөз сөйлеп, елімізде өтетін Президент сайлауының маңыздылығын, ерекелешіктерін түсіндірді. Көпшілікті саяси додада белсенді болып, ең жоғары лауазымға үміткер іріктеуде жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырған Берік Айдарбекұлы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты үміткер ұстанымдарын жеткізді.Тұғырнамаға сүйене отыры штаб басшысы «кез келген еңбек адамы үшін оның еңбегіне лайықты ақы төленуі-негізгі шарт болып табылады, себебі осы арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен қоғамдағы жалпы әлеуметтік тұрақтылық анықталады» дей келе кандидат ұсыныстарын талдап берді.

Осындай қоғам да , мемлекет те ұтатын шешімдерге қаныққан көпшілік штаб мүшелірне сұрақ қойып, тұшымды жауап алды. Келешек санаторлық бөбекжай балабақшасының кәсіподақ төрайымы Майра Ахмет еліміздегі ең қуатты әрі ірі бірлестік – кəсіподақодақ ұйымдарының рөлі туралы айтып, алғысын жаудырды. Кәсіподақ комитетінің маманы Мария Кенжебаева да кəсіподаққа қатысты жылы пікірлерін білдіріп, еліміздегі еңбек нарығына қатысты ұсынысын білдірді. Жолданған сауалдарға жауап берген штаб мүшелері сайлаушы тарапынан түскен ұсыныстың кандидатқа жеткізілетіні айтып тарасты