ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым ҚР Үкіметінде әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Вице-Премьер Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен еңбек қақтығыстары және берешек жалақы мәселелері бойынша ҚР Үкіметі кеңесінің жұмысына қатысты.

ҚРКФ төрағасы еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелерін қозғай отырып, 2018 жылы Жоғарғы сотпен Меморандум аясында барлық аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері базасында ашылған «Татуласу орталықтарының» жұмысы туралы айтты.

Бүгінде татуласу орталықтарында 4 мыңнан астам медиативтік рәсімдер өткізілді, оның ішінде 2 мыңға жуық еңбек дауы оң шешілген. Орталықтармен еңбек ұжымдарында 2900 адамның қатысуымен 741 ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Еңбек жанжалдарының неғұрлым тиімді алдын алу және шешу үшін Еңбек кодексіне қызметкерлердің өз талаптарын ұсыну рәсімін айтарлықтай оңайлату бөлігінде түзетулер енгізу қажеттілігі атап өтілді.

-«Біздің ұсынысымыз – кәсіподақ органының шешімі бойынша жұмыс берушіні хабардар ете отырып, талаптарды ұсыну», – деп атап өтті Б. Әбдірайым.

Атап көрсетілгендей, қолданыстағы ҚР Еңбек кодексінде жұмысшылардың ұсыну талаптары бөлігі соншалықты күрделі болуы салдарынан ұжымдық келісім жасау мүмкін болмай, мұның соңы ереуілдерге алып келеді.

Кәсіподақ федерациясының төрағасы жалақыны уақытылы төлеу мәселелеріне тоқталды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша республикада жалпы берешек 1 млрд.810 млн. теңгені құрайды, оның 48%-ы (немесе 866 млн. теңге) 91 банкрот-кәсіпорынға тиесілі.

Кәсіподақтар банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың бұрынғы қызметкерлерінің тапқан еңбекақыларын алатындығына алаңдаушылық білдіреді.

Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы “Оңалту және банкроттық туралы” заң бөлігіне бірінші кезекте қызметкерлерге жалақы төлеуді қамтамасыз ету және одан кейін қалған міндетті төлемдерді енгізуді ұсынды.

-«Бізге Қазақстанның әрбір кәсіпорнында әлеуметтік тұрақтылықты қолдаудың тетіктері мен стандарттарын әзірлеу қажет», – деді Бақытжан Әбдірайым.