Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Гигант ауылдық округінде орналасқан «КБ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық цехында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың республикалық және аймақтық сайлауалды штабы өкілдерінің жұмыскерлермен кездесуі өтті.
«Кен басқармасы-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары құрылымына кіреді. «КБ-6» ашық атауы бар уранөндіруші кәсіпорынында 300-ден аса жұмыскер еңбек етеді.
Жұмыскерлермен кездесу барысында А.Таспиховтың сенімді өкілі, республикалық штаб басшысының орынбасары Каппель Егор Яковлевич кәсіподақтардан сайлауға кандидат түсудегі мақсат пен кандидаттың тұғырнамасындағы еңбек заңдылықтары, әлеуметтік мәселелері туралы әңгімеледі. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын атомөнеркәсібі саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайлардағы зиянды өндірістік факторлары әсерлері, кепілдіктер мен қауіпсіздік нормалары да әңгімеге арқау болып, мәселелер бойынша жұмыскерлер тарапынан пікірлері тыңдалды. Еңбек ұжымы кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховтың тұғырнамасына оң пікір білдіріп, сайлауда белсенділік танытатындықтарын жеткізді. ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдерімен кездесуге кәсіпорынның өндірістен тыс бөлімшелерінің 40 жұмыскері қатысты.