Атом өнеркәсібі жұмыскерлері арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

​ Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Гигант ауылдық округінде орналасқан «КБ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық​ цехында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың республикалық және аймақтық сайлауалды штабы өкілдерінің ​ жұмыскерлермен кездесуі өтті.

«Кен басқармасы-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары құрылымына кіреді. «КБ-6» ашық атауы бар уранөндіруші кәсіпорынында 300-ден аса жұмыскер еңбек етеді. ​

Жұмыскерлермен кездесу барысында ​ А.Таспиховтың сенімді өкілі, республикалық штаб басшысының орынбасары Каппель Егор Яковлевич кәсіподақтардан сайлауға кандидат түсудегі мақсат пен кандидаттың тұғырнамасындағы еңбек заңдылықтары, әлеуметтік мәселелері туралы әңгімеледі. ​ Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын атомөнеркәсібі саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайлардағы зиянды өндірістік факторлары әсерлері, кепілдіктер мен қауіпсіздік нормалары да әңгімеге арқау болып, ​ мәселелер бойынша жұмыскерлер тарапынан пікірлері тыңдалды. Еңбек ұжымы ​ кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховтың тұғырнамасына оң пікір білдіріп, сайлауда белсенділік танытатындықтарын жеткізді. ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдерімен кездесуге кәсіпорынның өндірістен тыс бөлімшелерінің 40 жұмыскері қатысты. ​