Аудандардағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

27 мамыр күні Казталов ауданының білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподақ төрағаларына арналған  “Кəсіподақ жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары” тақырыбында семинар өткізілді. Семинарга аудандық білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподақ төрағалары мен төрайымдары жане облыстық кəсіподақ төрағасы М.Даупаев, мамандар Г.Курмангазиева мен Г.Хаирлиева жане аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.Дуйсеков қатысты.

Семинар барысында облыстық кəсіподақ ұйымының мамандары  кəсіподақ жұмысын жетілдірудің тиімді тəсілдерін түсіндірді. А.Оразбаева атындағы ЖОББМ кəсіподақ төрайымы Г.Темешова жүргізілген жұмыстары жөнінде мəлімдеді.

Сонымен қатар, Облыстық кəсіподақ төрағасы, кандидаттың сенімді өкілі  М.Даупаев ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың өмірбаянымен, енбек жолымен, сайлауалды бағдарламасымен толығырақ таныстырды. Жиналғандарға кандидаттың сайлауалды  тұғырнамасының басты артықшылығы оның еңбек адамының құқын қорғауға, қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға бағытталғаны туралы баяндады. Сөз соңында, қатысушыларды сайлауға келіп, азаматтық борышын орындап, кандидатқа дауыс беруге шақырды. Кəсіподақ төрағалары бүгінгі семинардан алған əсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортага салды.