«Гежуба Шиелі Цемент» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өтті

Қызылорда облысына жұмыссапармен келген ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың республикалық сайлауалды штабы өкілдері «Гежуба Шиелі Цемент» зауытында болып, еңбек ұжымымен кездесті.

Еңбек ұжымымен кездесуде республикалық штабы басшысы орынбасары Каппель Егор Яковлевич жұмыскерлерге кәсіподақтардың кандидаты Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасы негіздерін түсіндірді. Республикалық штаб мүшесі, «Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Yntymaq» қоғамдық бірлестігі төрағасы Қайрат Жанабеков ​ кандидат тұғырнамасындағы кәсіподақтар қозғалысының басты құндылықтары мен еңбек адамының құқықтары мен мүддесі жайлы сөз қозғады. Ол ұжымда жуық арада ​ құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелеріне кәсіподақтар қатарында біріккендіктері үшін алғысын білдіріп, ​ елдегі тарихи науқанда белсенділік танытуға шақырды. ​ Кандидат тұғырнамасының өзектілігі зауыт жұмыскерлерінің оң көзқарастарын туғызып, қолдау пікірлеріне ие болды. ​ ​ Кездесуге 60 адам қатысты, жұмыскерлерге ​ кандидаттың үгіт-насихат материалдары таратылды.

Зауыт индустрияландыру картасына енгізілген облыстағы ірі жобалардың бірі болып 2018 жылы желтоқсан айында өндіріске қосылған. Бас мердігер «Чайна Триумф Интернэшнл» – халықаралық көшбасшы компаниялардың бірі. Бүгінгі таңда компания 224 адамды жұмыспен қамтып отыр.