Жас келсе – іске! Жастар кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховты қолдауға шақырады

28 мамыр күні ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың БҚО бойынша Өңірлік штабының белсенділері қала көлемінде өткізілген кәсіподақ жастары арасындағы мини-футбол бойынша «Еңбек кубогы – 2019» сайысына жанкүйер ретінде қатысып, сонымен қатар ақпараттық кампания жұмыстарының аясында үгіт-насихат парақшаларын үлестірді.

Мини-футбол бойынша өткізілген сайысқа қала кәсіпорындары мен ұйымдарының жастарынан құралған 8 команда қатысты. Сайыс жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жолдастық қарым-қатынасты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Сайысқа қатысушы замандас, құрбыларына жанкүйер болып көтеріңкі көңіл-күймен қайтқан жастар қала тұрғындарына да үгіт-насихат парақшаларын таратып, алдағы сайлауға белсенді қатысып, кандидат А.Таспиховқа дауыс беруге шақырды.