Кәсіподақтар – Еңбек адамы үшін!

Бүгін 29 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдері Жуалы ауданындағы Ветеринария қызметкерлері ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облыстық аймақтық қоғамдық штабының мүшесі, сенімді өкілі Н. Маликов ұжым қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы енбек адамының құқын қорғау, лайықты жалақы төлеу, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелерін жан-жақты түсіндіріп берді.

Жиында кандидаттың бағдарламасында көрсетілген мәселелер ұжым қызметкер тарапынан қолдау тауып, олар ризашылығын білдірді.