Кәсіподақтар Федерациясы атынан кандидат Аманкелді Таспихов Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды теледебатына қатысты.

29 мамырда ҚР Президенттігіне кандидаттардың қатысуымен сайлауалды теледебаты мен пікірталасы өтті. Оған Кәсіподақтар федерациясы атынан Аманкелді Таспихов, “Ұлы Дала қырандары” республикалық қоғамдық бірлестігінен Сәдібек Түгел, Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясынан  Жамбыл Ахметбеков және “Ұлт тағдыры” біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысынан Әміржан Қосанов қатысты.

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мәулен Әшімбаев,  кандидат Дания Еспаеваның атынан “Ақ жол” партиясының жетекшісі Азат Перуашев,  “Ауыл” партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбековтың атынан Әли Бектаев қатысты.

Дебаттың бірінші турында үміткерлер мен олардың өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды.

Кәсіподақтар Федерациясынан кандидат Аманкелді Таспихов еңбек қатынастарын жақсарту мәселесін көтерді. Ол ауылда жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді ынталандыру қажеттігін айтты. Аманкелді Таспихов мемлекет ерікті ішкі қоныс аударуды ынталандыру жүйесін енгізуі тиіс деп есептейді.

– Жақында қабылданған жарнама туралы заң кәсіпкерлерді қобалжытты. Әрбір заң кәсіпкерлер үшін жағдай жасамай, азаматтардың бастамаларын шектейді. Мұндай шешімдер адамдардың билікке сенімсіздік пен түсінбеуін тудырады. Мен әрдайым негізделген шешімдер қабылдайтын боламын,-деп атап кандидат Аманкелді Таспихов.

Бірінші раундтың екінші туры барысында А. Таспихов Мәулен Әшімбаевқа ауыл мәселелері туралы сұрақ қойды.

Мәулен Әшімбаев өз жауабында инфрақұрылымды, ауыз су сапасын, білім беру сапасын және ауылдарда медицинаның қол жетімділігін көтеру жоспары туралы атап өтті .

Одан әрі барлық пікірталасқа қатысушыларға Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуын қалай көресіз деген бірыңғай сұрақ қойылды.

Аманкелді Таспихов қазіргі білім беру сапасына алаңдаушылық білдіретіні жөнінде жауап берді. Бұл ретте ол халықтың дипломдарының саны көп болғанмен, жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне тоқталды. Оның пікірінше, ең алдымен елге техникалық мамандар қажет.

Үшінші раунд аясында А. Таспихов сайлаушыларға үндеу жолдап, қарапайым еңбеккер халықтың қолдауына өзінің адалдығын білдірді.

-Мен ауылдан шықтым. Мен 20 жыл бойы митинг жүргізген жоқпын, ютубда отырған жоқпын, жұмысшылар арасында жұмыс істедім. Қарапайым жұмысшылардың проблемалары маған өте жақын. Сондықтан мен басшылық еткен ұжымдарым сенеді. Мен депутат болдым, бірақ жылы жерге бармай, Отаным үшін туған жеріме жұмыс істеуге кеткенмін. Мен ауылда тұрамын,-деді ҚР Кәсіподақтар Федерациясы атынан Президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов .