Кандидат А.Таспиховты қолдау мақсатында кездесу өткізілді

2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты қолдау мақсатында «Павлодар қаласының қайырымдылық үйі» КМК-де еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында кандидаттың сенімді өкілі – «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің маманы Сәбина Мақсатқызы Сейілғазина қатысушыларды Аманкелді Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткердің Сайлауалды платформасының негізгі бағыттары мен Бағдарламасы туралы айтып өтті.