Сайлауалды қызу жұмыс жүргізілуде

2019 жылдың 30 мамыр күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы, ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиxовтың сенімді өкілі Тарбия Анайбекқызы Баймбетова Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарының директорлары, іс-жүргізуші кадр мамандары, есепшілері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен «Сайлауалды қызу жұмыс» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге жүзге жуық адам қатысты. Кездесу барысында  ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен және үгіт-насихат материалдарымен таныстырды.