Сырдария аудандық Жастар спорт мектебі ұжымында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

30 мамырда ​ ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі, облыстық құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы облыстық кәсіподағы төрағасы Серік Мырзаханов ​ және аудандық штаб мүшелері​ Сырдария аудандық ​ жастар спорт мектебі ұжымымен кездесіп,​ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кандидаттың сенімді өкілі Серік Мырзаханов жұмыскерлерді кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың өмірбаянымен таныстырып, тұғырнамада көтерілген еңбек мәселелерін баяндап берді. Жастар спорт мектебі ұжымы тарапынан да жастар арасындағы жұмыссыздық, олардың тегін білім алуы және лайықты еңбекақы алу мәселелері туралы пікірлері ортаға​ салынды. Кандидаттың тұғырнамасы бойынша оң көзқарастарын білдіріп, кәсіподақ тар кандидатын қолдау ниеттерін жеткізді.Кездесуге 20 адам қатысты, үгіт-насихат материалдары таратылды.