Үгіт шарасы жоғары дәрежеде өткізілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері еңбек ұжымдарымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.

Сондай кездесулердің бірі бүгін, Қордай ауданының орталығы Қордай ауылындағы «Нұр» балабақшасында өтті.

Сенімді өкілдер еңбек ұжымына өз кандидаттарының өмірбаяны мен еңбек жолын баяндай келе, сайлауалды тұғырнамасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Үгіт материалдары да таратылды.