ҮМІТКЕР АМАНКЕЛДІ ТАСПИХОВ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

​2019 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспихов өзінің сенімді өкілдерімен Ақтау қаласында сайлауалды іс-сапармен болды. Олардың қатарында Республикалық қоғамдық штабтың тең-жетекшісі, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары С.Даулеталин, “YNTYMAQ” орта және шағын бизнес қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Қ. Жанабеков, сондай-ақ республикалық сайлауалды штабының мүшелері бар. Іс-сапардың мақсаты аймақтық сайлауалды штаб мүшелерімен, сенімді тұлғалармен және батыс өңірінің сайлаушыларымен кездесу болды.​

Күннің бірінші жартысында, үміткер бірден Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы драма-театрында облыс бойынша сенімді тұлғаларымен, облыстық жастар кеңесінің мүшелерімен және аймақтық сайлауалды штаб мүшелерімен кездесуге барды. Іс-шараны үміткердің аймақтық қоғамдық штабының жетекшісі, кәсіподақтар орталығының төрағасы К.Жаулин ашты. Іс-шараға 200-ден астам адам қатынасты.

Кездесу барысында, А.С. Таспихов қатысушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, алдағы сайлауға қатыса отырып, Республикадағы ең ірі қоғамдық бірлестіктердің бірінің алға қоятын мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті. Облыс кәсіподағы өкілдерінен қолдау тілектері мен сөздерін тыңдап, қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауабын берді. Шара Республикалық қоғамдық штабтың тең-жетекшісі С.Даулеталиннің қатысушыларға үміткердің өмірбаянымен және тұғырнамасын түсіндірумен жалғасты. Қызметкерлердің еңбегіне әділ еңбекақы беру қажеттілігі, жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және жергілікті деңгейде әлеуметтік әріптестікті дамыту сияқты мәселерді ерекше атап өтті. Үміткердің сайлауалды тұғырнамасында айтылған негізгі мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болып, кездесу соңында Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан сенімді тұлғаларына алғыс хаттары табыс етілді.

Сонымен қатар, Масатов Санатбай және Даулетов Марат Мұғалимұлы сияқты киелі Маңғыстаудың кәсіподағына еңбегі сіңген құрметті ардагерлер үміткер Аманкелді Таспихов Сатыбалдыұлына өздерінің жүрек-жарды ақ бастасын беріп, саулауда жеңіске жетуіне тілектерін білдірді. Келешек жастар кеңесінің белсеңді мүшесі Назымова Арай үміткер А.Таспиховты қолдау мақсатында, «кәсіподақ-мен, кәсіподақ-сен, кәсіподақ-біз, әрқашан біргеміз, жеңіске жетеміз!», «профсоюз это я, профсоюз это ты, профсоюз это мы, вместе мы непобедимы!» , «trade union is me,trade union is you,.trade union is we, together we always,together we win!» ұранымен А.Таспихов мырза мен қатысушы қонақтарды риза етті. Қатысушы қарапайым халық, кәсіподақ ұйымының мүшелері мен студент жастар үміткерге ақ жол тіледі.

​Н.Жантөрин атындағы драма-театрындағы кездесуден кейін, ҚР Президенттігіне үміткер А. Таспиховтың Республикалық штабының сенімді өкілдері үміткердің аймақтық қоғамдық штабына келіп, атқарылған жұмыстарымен танысты. «Кәсіподақтар уйі»-нің конференц залында Республикалық қоғамдық штабтың тең-жетекшісі, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары С.Даулеталин облыстың салалық кәсіподақ төрағаларымен және «Келешек» жастар кеңесінің белсеңді жастарымен сайлауалды атқарылған және атқарылатын жұмыстарды талқылап, жиынға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта барлығына қажымас қайрат тіледі. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан ҚР Президенттігінің кезектен тыс сайлауына уміткер А.Таспиховты ұсыну туралы шешімін қолдау мақсатында өтті.