Үгіт-насихат науқаны шалғайдағы Қызылқоға да жетті

Жаз айының алғашқы қайнаған күндеріне қарамастан ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенім білдірген тұлғалары Жұмазия Есімова және Гүлнәр Шайхашева Қызылқоға ауданының сайлаушыларымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу Сағыз, Миялы, Қосқұлақ, Көздіқара ауылдарында орналасқан шаруа қожалықтары мен ветеринария мекемелері, мәдениет үйлері мен кітапханалар, спорт ұйымдарының еңбек ұжымдарында жалғасты.

Үгіт жұмыстарымен қатар, жұмысшылардың еңбекке қатысты мәселелері мен ұсыныстар, ой-пікірлері тындалды.