Ақмола облыстық қоғамдық штабтың отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер А.С.Таспиховты қолдау жөніндегі Ақмола облыстық сайлауалды штабының кезекті отырысы өтті. Өңір бойынша бақылаушылардың тізімдері жасақталған. Барлық құжаттары ресми түрде ресімделген күйінде екі данамен аудандарға жіберілді. Сайлау науқаны кезінде жұмыс атқаратын бақылаушылар, кәсіподақ мүшелерінің барлығы арнайы оқыту курстарынан өткізілді.

​Сайлау кезінде жұмысты ұтымды ұйымдастырудың жоғары деңгейде болуы басты мақсатқа айналуы шарт. Штаб мүшелеріне бақылаушылардың өңірлік штабқа сайлаудың өту барысы, дауыс берушілердің саны туралы ақпаратты үздіксіз беріп отырулары қажет екендігі айтылды.

Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері тарапынан «Сайлау туралы» Заңға қайшы әрекеттерін байқаса, оны да уақытылы мәлімдеп отыру тапсырылды. Штаб мүшелері сайлау күні заңдылықтардың сақталуын бақылау мақсатында учаскелерге барады.