Балалар ауруханасында кездесу ұйымдастырылды

Бүгін 4 маусымда  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері Жамбыл  облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі – сенімді өкіл Е.Сатыбалдиев еңбек ұжымына, әрі кәсіподақ мүшелеріне  кандидаттың өмірбаянын айта келе сайлау алды тұғырнамасымен таныстырды және осындай сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып, қолдау көрсетуге шақырды. Жалпы 40 адам қатысқан жиында кандидат А.Таспиховтың үгіт-насихат материалдары таратылды.